ХАКАТОН – 2025

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 2 сәуір күні «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, өңірлік іс-шаралар мен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталық жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК базасында ТжКББ колледж студенттерi арасында қалалық “Хакатон-2025” байқауы өтті.
Барлығы 9 колледжден 20 команда, яғни 20 жетекші, 40 білім алушы, оның ішінде:
IT үшін бизнес шешім бағыты бойынша – 7 команда
Web-технология бағыты бойынша – 7 команда
Game бағыты бойынша – 6 команда
Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі – Хакатон байқауы. Хакатон – тек жарыс алаңы ғана емес, жаңа идеялар мен креативті ойлардың тоғысатын ортасы. Мұнда білім алушылар IT, ойын жасау, веб-технологиялар және мобильдік қосымшалар салаларында өз жобаларыңызды ұсынып, білікті мамандармен пікір алмасып, тәжірибелеріңізді шыңдай аласыздар. Бұл – кәсіби дамудың, шабыт пен инновацияның алаңы!
​Байқаумыздың сараптамалық кеңес мүшелері:
– Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі информатика пәні мұғалімі Есентаев Естай Сагинтаевич
– Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің информатика кафедрасының магистр оқытушысы Шынжігіт Жасұлан Бекболатұлы;
– Шымкент HUB регионалды менеджері Козыкеев Тимур Нұржанұлы

​Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/968677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді