«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында шетел азаматына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Кемалов Ақсуат Мұқашұлы шетел азаматына Қазақстан Республикасында болу және уақытша тіркелу тәртібіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және шетел азаматтарының заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында белгіленген талаптар мен шетел азаматтарының ел аумағында уақытша болу тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде уақытша тіркеуден өту, болу мерзімін заңнамаға сәйкес сақтау және қажетті құжаттарды уақтылы рәсімдеу қажеттігі айтылды.

Полиция қызметкері шетел азаматына қабылдаушы тараптың да заңнамада көзделген міндеттері бар екенін түсіндіріп, тіркеу рәсімдерін уақытылы жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделетіні ескертілді. Шетел азаматына ел аумағында болған кезеңде заң талаптарын қатаң сақтау, белгіленген тәртіпті бұзбау және тиісті құжаттарды өзімен бірге алып жүру қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында жүрген кезде қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп нормаларын сақтау, жергілікті заң талаптарын құрметтеу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі айтылды.

Мұндай профилактикалық түсіндіру жұмыстары көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, шетел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бейнеу ауданының полиция бөлімі көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, белгіленген тәртіпті бұзбауға және құқықтық жауапкершілікті ескеруге шақырады.

Заң талаптарын сақтау – құқықтық тәртіптің кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DcP_IpUs5YU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1277502?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді