
«Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды.
1. Конкурстың өткізілетін орны: Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
2. Мекенжайы: Ленгер қаласы, Айтеке би көшесі, №28, 4-қабат, №411 кабинет.
3. Мекеменің негізгі міндеттері:
- Аудан тұрғындарына мәдени-сауықтыру және аттракциондық қызметтер көрсету.
- Аудан саябақтары, аллеялары мен скверлерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
- Саябақтарда, аллеялар мен скверлерде орналасқан ескерткіштерді, мәдени-тарихи кешендерді, қоршаулар мен дуалдарды әктеу және бояу жұмыстарын жүргізу.
- Кіші сәулет нысандарын, сәндік мүсіндерді, субұрқақтарды, гүлзарларды және орындықтарды күтіп ұстау.
- Аудан бойынша көрнекі үгіт құралдарын жаңарту жұмыстарын жүргізу.
4. Кандидатқа қойылатын талаптар: жоғары білім және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- түйіндеме;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (фотосуретімен);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес анықтама (сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы);
- Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелері мен атақтарының берілгенін растайтын құжаттардың, ғылыми жарияланымдарының көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтан берілген ұсынымдар және т.б.).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Ленгер қаласы, Айтеке би көшесі, №28, 4-қабат, №411 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама үшін телефон: +7-775-118-78-11
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1277482?lang=ru

Жауап қалдыру