БӘЙДІБЕК: САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ – ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кезекті кездесу Бәйдібек ауданында жалғасын тапты.
 
Кездесуге Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Әуен Фазыл Нақыпбекұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Абылайхан Қонысұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Бәйдібек ауданына қарасты ауыл округтерінің жауапты мамандары, балабақша және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
 
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы жұмыс берушілерге қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңызы және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге бағытталған маңызды әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндірме берді.
 
Сонымен қатар, жазатайым оқиға орын алған жағдайда қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне тиісті әлеуметтік қорғау тетіктерінің қарастырылатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді