
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына әсер ететін құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Полиция қызметкерлері заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтап, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуда.
Үш күннің ішінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарған 8 жүргізушіні, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 43 фактісін, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған 10 жүргізушіні анықтады.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударуда.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауды, қауіпті маневрлерге жол бермеуді және жолда барынша мұқият болуды ескертеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1278205?lang=ru

Жауап қалдыру