Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ сотталғандарды дерадикализациялау бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Жүргізілген теологиялық оңалту жұмыстарының нәтижесінде алты сотталған деструктивті діни көзқарастардан бас тартты. Әлеуметтік бейімдеу аясында жеті сотталған жұмысқа орналастырылып, бір сотталғанға кәсіптік білім алу мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, Түркістан облысынан келген қоғам белсендісі әрі имам Арыстан Оспанов сотталғандармен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ мекеменің кітапхана қоры облыстық Дін істері басқармасы пайдалануға ресми түрде рұқсат берген «Тор мен тағдыр: Қайта туған тұлға» кітабымен толықтырылды.
Діни радикализмнің алдын алу және сотталғандарды әлеуметтік оңалту бойынша жұмыстар жалғасуда және Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1278217?lang=ru

Жауап қалдыру