
Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері елорда көшелері мен қоғамдық орындарда патрульдеу жұмыстарын күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуге басымдық беріп отыр.
Іс-шараның алғашқы күндерінде 1100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Солардың бірі — патрульдеу кезінде анықталған көлік жүргізушісіне қатысты. Полиция қызметкерлері Kia Rio автокөлігін тоқтатып, 46 жастағы жүргізушіні тексерді. Нәтижесінде оның көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, автокөлік басқарғаны анықталды.
Жүргізуші ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.
Профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1278244?lang=ru

Жауап қалдыру