
Ағымдағы жылғы 19 тамызда А. Әділбаеваның төрайымдығымен, Есіл ауданы әкімінің орынбасары А. Жүнісовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 51-ші кезекті сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық қызметтердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері шақырылды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралды.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-esil/press/news/details/1277089?lang=ru

Жауап қалдыру