«Правопорядок»: усилена работа по обеспечению общественной безопасности

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының аумағында 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шараның алғашқы тәулігінің қорытындысы бойынша облыс көлемінде 302 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес 1 дерек анықталды. Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 4 дерегі анықталды. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес 24 құқық бұзушылық тіркелді. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті міндеттер жүктелді. Іс-шараның қалған күндерінде анықталған кемшіліктерді жоюға, құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталған жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады. 📍Заң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1277039?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді