«Жалпақ» кенішінде алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС-де кәсіпорынның екінші өндірістік активі — «Жалпақ» кенішінің алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді.

Алғашқы іске қосу кешенінің қуаты жылына 500 тонна уранды құрайды. Жоба өндірістік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен одан әрі дамытуды көздейді. Нәтижесінде жерүсті қайта өңдеу кешенінің жобалық қуаты жылына 900 тонна уранға жеткізіледі.

Іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС бас директоры Айдын Бейсенбеков, сондай-ақ кеніш ұжымы қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин уран өндіруші кәсіпорындарды дамыту және жаңа кен орындарын кезең-кезеңімен игеру еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

««Жалпақ» кенішін дамытудың жаңа кезеңі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттырып, Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деді Ғұмар Серғазин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1276665?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді