АУДАНДАҒЫ БАРЛЫҚ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАНДАҒЫ БАРЛЫҚ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
 
Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтуде. Осыған орай Жетісай ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де мемлекеттік Әнұран орындалып, дауыс беру процесі ресми түрде басталды.
Аудандағы 75 сайлау учаскесі сайлауды ұйымдастыруға қажетті барлық талаптарға сәйкес жұмыс істеуде. Учаскелер интернет желісімен, байланыс құралдарымен және қажетті техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Сайлаудың алғашқы сағаттарынан-ақ аудан тұрғындарының белсенділігі байқалуда. Дауыс беруге келгендердің қатарында зейнеткерлер, түрлі сала мамандары, жұмысшылар мен жастар бар.
Жетісай ауданында Құрылтай сайлауына қатысуға құқылы 102 183 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру процесі учаскелерде белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1278628?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді