
Түркістан қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда.
Қала бойынша 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 2-еуі – жабық сайлау учаскесі.
Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында учаскелерде фотозоналар ұйымдастырылған. Сонымен қатар тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көліктер тегін қатынауда.
Түркістандықтар азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды таңдауын жасауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1278645?lang=kk

Жауап қалдыру