
Бүгін аудан әкімі Н.Даумовтың төрағалығымен жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс дайындығы бойынша 25 тамы – 3 қыркүйек күндері аралығында өтетін әскери міндеттілермен өткізілетін әскери жиынға арналған жиналыс өтті.
Шараға облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі М.Мұқанов, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ә.Ташимов, аудан әкімінің орынбасары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Жиында әскери жиынды мәселелері талқыға салынып, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1279292?lang=ru

Жауап қалдыру