ШҚО-ның Үлкен Нарын ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС мәліметінше, жерасты дүмпулері 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 19:31:56-да тіркелді. Магнитудасы – MPV: 4,7, энергетикалық класы – 9,7. Үлкен Нарын ауылындағы есептік қарқындылық 2 балды құрады.

ҚР ТЖМ атап өткендей, жер сілкінісінің алғашқы минуттары шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан қажетті заттарды алдын ала дайындап, «дабыл сөмкесін» дайын ұстау маңызды.

– «Дабыл сөмкесі» ең күтпеген сәтте уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қауіпсіздікке дайындықты бүгіннен бастаңыз. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға алдын ала «дабыл чемоданын» дайындау ұсынылады. «Дабыл чемоданы» – шартты атау, оны «төтенше жағдайларға арналған сөмке» немесе «өмірді сақтауға арналған жинақ» деп атауға болады.

Оған үш тәулікке қажетті заттарды салу керек: су (бір адамға 3–4 литр су), азық-түлік (консервілер, жоғары калориялы тағамдар), дәрі-дәрмектер (медициналық қобдиша), дыбыстық және жарық сигналдарын беру үшін ысқырық пен қолшам, құжаттар, жеке гигиена құралдары (сүлгі, сабын және т.б.), жылы киім (қосалқы күрте, көрпе және т.б.), маңызды/қажетті ақпаратты алу үшін радиоқабылдағыш, балаларға қажетті заттар, отбасының фотосуреті және басқа да қажетті бұйымдар, – делінген ҚР ТЖМ сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1279307?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді