
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының жұмыс сапары пробация қызметін дамыту және оның қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
12 тамызда Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Алпысбаев Қанат Қуандыкович жұмыс сапарымен Темір ауданына барды.
Сапар барысында аудан әкімі Алмас Жақсылықұлымен кездесіп, тараптар қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметінің жұмысына қатысты өзекті мәселелерді және өзара іс-қимылды талқылады.
Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі — аудандық пробация қызметі бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Қызметкерлерге қолайлы әрі заманауи жұмыс жағдайларын жасау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жаңа жиһаздар, компьютерлік техника және сейфтер берілді.
Материалдық-техникалық базаның жаңартылуы бөлім қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін заманауи жағдайда атқаруға мүмкіндік беріп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бүгінде пробация қызметі қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі маңызды буын болып отыр. Оның қызметі белгіленген талаптардың сақталуын бақылаумен ғана шектелмей, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге, оларды қалыпты өмірге қайта оралтуға және қылмысты қайталап жасаудың алдын алуға бағытталған.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызы зор. Қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті жағдайлардың жасалуы олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Темір ауданына жұмыс сапары мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы өзекті мәселелерді жедел шешіп қана қоймай, пробация қызметін жергілікті жерде одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Өз кезегінде, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықұлына және аудан әкімдігінің аппаратына көрсеткен қолдауы, пробация қызметін дамыту мәселелеріне назар аударғаны және қызметкерлердің тиісті жұмыс жағдайларын жасауға ықпал еткені үшін шынайы алғысын білдіреді.
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен сындарлы ведомствоаралық өзара іс-қимыл пробация қызметін одан әрі дамытуға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен жұмыстың сапасын жақсартуға үлесі зор.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1279306?lang=kk

Жауап қалдыру