Арнайы қозғалу құралдары : көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнайы қозғалу құралдары : көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері

1. Қолмен басқарылатын кресло-арбалар

Көрсетілімдер: жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылыстары: айқын парездер мен салданулар, ауыр атаксия, төменгі аяқ-қолдардың ампутациясы, буындар функциясының IV дәрежелі бұзылыстары, туа біткен ақаулар кезіндегі қозғалыстың ауыр бұзылыстары, паркинсонизм және т.б.

Қарсы көрсетілімдер: отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуі; сана, бағдарлану, зияткерлік функциялар немесе мотивацияның абсолютті бұзылыстары; екі қол басы функцияларының ауыр бұзылыстары; көру функциясының абсолютті бұзылыстары.

2. Иінтіректі жетекпен басқарылатын кресло-арба

Көрсетілімдер: екі жоғарғы аяқ-қол функциялары сақталған және иінтіректі жетекпен басқарылатын кресло-арбаны пайдаланудың оң тәжірибесі болған жағдайда жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылысы.

Қарсы көрсетілімдер: сана, зияткерлік функциялар мен мотивацияның бұзылыстары; тепе-теңдіктің, дене қалпын бақылаудың және қозғалыс функцияларының бұзылыстары; көру функциясының абсолютті бұзылыстары; отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуі.

3. Белсенді типтегі әмбебап кресло-арба

Көрсетілімдер: қол функциялары сақталған жағдайда жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылысы және адамның жасына, функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес белсенді өмір салтының болуы: оқу, еңбек ету, демалу және бос уақыт.

Қарсы көрсетілімдер: жоғарғы аяқ-қолдар бұлшықет тонусының, дене қалпын бақылаудың және тепе-теңдіктің ауыр бұзылыстары; сана, зияткерлік функциялар немесе мотивацияның бұзылыстары; көру функциясының абсолютті бұзылыстары; сананың бұзылуымен жүретін эпилепсиялық ұстамалар; отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуі.

4. Электржетекті кресло-арба

Көрсетілімдер: жоғарғы аяқ-қолдар функцияларының айқын бұзылыстарымен қатар жүретін жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылысы.

Қарсы көрсетілімдер: дене қалпын бақылаудың, тепе-теңдіктің және қозғалыс функцияларының ауыр бұзылыстары; сана, зияткерлік функциялар немесе мотивацияның бұзылыстары; көру функциясының абсолютті бұзылыстары; бұйрықта белгіленген жағдайларда екіжақты протезделмейтін есту қабілетінің төмендеуі, кереңдік немесе саңырау-мылқаулық; сананың бұзылуымен жүретін эпилепсиялық ұстамалар; 6 жасқа дейінгі жас; қоғамдық ғимараттардың қолжетімділігіне байланысты жекелеген шектеулер; отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуі.

5. Көпфункционалды кресло-арба

Көрсетілімдер: бұлшықет тонусының, дене қалпын бақылаудың, тепе-теңдіктің және ерікті әрі еріксіз қозғалыс функцияларының айқын бұзылыстарымен қатар жүретін жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылыстары.

Қарсы көрсетілім: отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуі.

6. Кресло-каталка

Көрсетілімдер: жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылысы және кресло-арбаны өздігінен пайдалана алмау.

Қарсы көрсетілім: отыру қалпында патологиялық үдерістің үдеуіне әкелетін аурулардың, жарақаттардың немесе ақаулардың салдары.

Маңызды!

Арнайы қозғалу құралы тек диагнозға немесе мүгедектіктің болу фактісіне қарай ғана анықталмайды. Құралды таңдау кезінде функционалдық бұзылыстар, адамның жеке мүмкіндіктері, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріледі.
Арнайы қозғалу құралын ұсыну абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (АОЖБ) көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1279305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді