«Құқықтық тәртіп»: Абай облысында 800-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың салдарымен күресіп қана қоймай, оның алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарды бақылауда ұстау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлеріне барып, олардың белгіленген талаптарды сақтауын тексерді. Нәтижесінде 1 596 профилактикалық есептегі тұлға қамтылды.

Жұмыстың нәтижесі де нақты көрсеткіштермен айқындалады. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында 763 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қоғамдық тәртіпке сызат түсіретін әрекеттердің қатарында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда тұтыну фактілері де бар. Рейдтік іс-шаралар кезінде 174 осындай құқық бұзушылық анықталды. Бұл – қоғамдық орынның баршаға ортақ қауіпсіз әрі жайлы кеңістік болуы қажеттігін тағы бір мәрте көрсетеді.

Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына да бақылау күшейтілді. Заңнама талаптарын бұза отырып алкоголь өнімдерін өткізуге қатысты 5 факт анықталды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзудың 3 ұсақ бұзақылық фактісінің жолы кесілді.

Тәртіп – тек ереже емес, ортақ жауапкершілік. Осы қағиданы негізге алған полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде ересектердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты 144 факт анықталды. Бұл бағыттағы бақылау балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алуға, профилактикалық есептегі азаматтармен жеке жұмыс жүргізуге, сондай-ақ қоғам үшін қауіпті әрекеттердің жолын ерте кезеңде кесуге басымдық беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1279413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді