«Безгектің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 тамызда Ақтау теңіз порты санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Ақтау теңіз портына келген «Бүркіт» теңіз кемесінің қызметкерлеріне «Безгек» жұқпалы ауруының клиникасы және алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – аса қауіпті жұқпалы аурудың алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кездесу барысында мамандар инфекцияның жұғу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Безгектің қалтыраудан басталатыны, жиі бас ауыруы, дене қызуының 40°С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі, сондай-ақ науқаста 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырау белгілерінің байқалатыны айтылды. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтауы мүмкін. Дене қызуы бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады. Кейін адам қатты терлеп, дене қызуы төмендейді. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды. Безгектің түріне қарай дене қызуының көтерілуі әдетте әр 2–3 күн сайын қайталануы мүмкін. Дене қызуының көтерілуі мен төмендеуі оқтын-оқтын қайталанып отырады. Сондықтан себепсіз дене қызуы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексертуі қажеттігі түсіндірілді. Безгекпен ауырып болған және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізілетіні айтылды. Безгектің ыстық әрі жаңбырлы маусымдарда жиі кездесетіні, алайда алдын алу шаралары уақтылы жүргізілген жағдайда аурудың алдын алуға болатыны түсіндірілді. Сондай-ақ безгекке қарсы профилактикалық дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану арқылы аурудың алдын алуға немесе оның таралу қаупін едәуір азайтуға болатыны айтылды. Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, безгектің алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1279396?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді