«Назар аударыңыз, балалар!» ЖПІШ: Абай облысында тиісті міндеттерін дұрыс орындамаған 22 ата-ана анықталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының аумағында15–20 тамыз аралығында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол бермеуге ерекше назар аударуда.

Жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижелері бойынша 262 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, яғни сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 228 жасөспірім анықталды.

Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мінез-құлқын бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерге қатысты 22 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Балалардың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-аналар мен білім беру ұйымдарының да ортақ жауапкершілігі екенін ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да күшейтілді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған 76 нұсқама енгізілді.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға, жолда жүру ережелерін күнделікті түсіндіруге, түнгі уақытта олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1279400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді