
Мойынқұм ауылының орталық алаңында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдері мен мектеп және кеңсе тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылып, тұрғындарға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ оқушыларға қажетті оқу құралдары мен кеңсе тауарларын қолжетімді бағамен бір жерден сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.
Аталған жәрмеңкеге Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев арнайы барып, сауда қатарларын аралап, ұсынылған өнімдердің түр-түрімен танысты. Аудан басшысы сатылымдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен мектепке қажетті тауарлардың бағасына назар аударып, олардың тұрғындар үшін қолжетімділігі мен сапасын зерделеді.
Жәрмеңке барысында аудан әкімі кәсіпкерлермен, жергілікті тауар өндірушілермен және сатушылармен пікір алмасты. Кездесу кезінде өнімдердің сапасы, баға тұрақтылығы, сұранысқа ие тауарлардың жеткіліктілігі және сауда барысы жөнінде сөз қозғалды.
Мұндай жәрмеңкелердің негізгі мақсаты – тұрғындарды қажетті азық-түлік өнімдерімен тікелей қамтамасыз ету, делдалдық шығындарды азайту арқылы тауарларды тиімді бағамен ұсыну және жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау.
Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуына орай мектеп және кеңсе тауарларының жәрмеңкеде қатар ұсынылуы ата-аналар үшін де тиімді мүмкіндік болып отыр. Сауда қатарларынан оқушыларға қажетті дәптер, жазу құралдары, оқу жабдықтары және өзге де кеңсе тауарларын таңдауға болады.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерімен қатар, балалардың жаңа оқу жылына дайындығына қажетті заттарды да бір жерден сатып алуда. Бұл өз кезегінде тұрғындардың уақытын үнемдеп, отбасылық бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.
Аудан басшысы жәрмеңке барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауда орындарындағы тәртіп пен қызмет көрсету сапасына да назар аударды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын негізсіз көтермеу және халыққа сапалы тауар ұсыну қажеттігі атап өтілді.
Жәрмеңке – жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттап, кәсіпкерлердің жұмысын қолдаумен қатар, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Мойынқұм ауданында осындай жәрмеңкелерді өткізу арқылы тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнімдерді ұсыну, жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және халықтың сұранысына сай сауда қызметін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1279500?lang=ru

Жауап қалдыру