ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті.
 
✅ Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуллаұлы және Райымбек Айнель Алтынбекқызы қатысты.
 
✅ Іс-шара барысында еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар, жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
✅ Мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
 
🌿 Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтары жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру, жұмыс берушілерге заң талаптарын түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
 
📍 Еңбек адамының құқығын қорғау – заң талаптарын сақтаудан басталады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1279799?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді