21 тамыз күні сағат 16:45 шамасында күндізгі кезекшілік қызметін атқарып жүрген Махамбет аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының аға инспекторлары полиция капитаны Расул Амануллин және полиция капитаны Болатбек Есенжанов Атырау–Индер тас жолының 70-шақырымында велосипедпен жол бойында жүрген 8 жастағы баланы байқап, қасына тоқтаған.
Полицейлер баламен сөйлесу барысында оның әкесінен адасып қалғанын анықтаған. Бала әкесінің байланыс нөмірін айтып берген. Полиция қызметкерлері дереу көрсетілген нөмірге хабарласып, бес минут ішінде баланың әкесін тауып, баланы аман-есен тапсырды.
Өз кезегінде баланың әкесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, баласының қауіпсіздігіне бейжай қарамағаны үшін алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бала жол бойында ұзақ уақыт қараусыз қалмай, жақындарына аман-есен табысталды.
Жауап қалдыру