Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесшоқы және Қызылту кен орындарындағы жаңа байыту кәсіпорындарында жылына шамамен 190 мың тонна мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр. Кәсіпорындарды жобалауға арналған технологиялық шешімдерді «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы – «Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының» мамандары әзірледі. Екі кәсіпорынның жиынтық өңдеу қуаты жылына 10,5 млн тонна кенді құрайды.

Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының мамандары мамандары Бесшоқы кен орнының мыс-порфирлі және Қызылту кен орнының мыс-молибденді кендерін флотациялық байыту технологияларын әзірледі. Технологиялық шешімдер жаңа байыту фабрикаларын жобалау регламенттеріне енгізілді.

Бесшоқы кен орнында жылына 7,5 млн тонна кен өңдеу және құрамындағы мыс үлесі 25% болатын шамамен 142 мың тонна мыс концентратын өндіру көзделген.

Қызылту кен орны бойынша жылына 3 млн тонна кен өңдеп, құрамындағы мыс үлесі 21% болатын шамамен 48 мың тонна мыс концентратын өндіруді көздейтін технологиялық регламент әзірленіп, жобалауға енгізу үшін берілді.

Биыл мамандар өңделетін кеннің минералдық құрамының ерекшеліктері мен өндірістік жағдайларды ескере отырып, Бозшакөл және Қаршыға байыту фабрикаларының технологиялық регламенттерін де түзетіп жатыр.

«Зертханалық флотациялық машиналарда мамандар кенді ұнтақтау деңгейінің әсерін зерттеп, флотацияның оңтайлы режимдерін іріктеп, сынақтан өткізуде. Алынған нәтижелер мыс алу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді және аталған байыту фабрикаларының жұмысын жетілдіруде пайдаланылады», – деді «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ШҒЗТКМтүсмети» филиалы директорының қолданбалы зерттеулер және сынақтар жөніндегі орынбасары Лариса Кушакова

 

Институт әзірлемелері жаңа байыту фабрикаларын салуға және Қазақстанның мыс өнеркәсібінің тиімділігін арттыруға технологиялық негіз қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1280168?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді