
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) – мүгедектігі бар адамның жеке қажеттіліктері негізінде оны оңалтуды жүргізудің нақты көлемдерін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.
Абилитациялау – мүгедектігі бар адамдарда тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені.
Оңалту (реабилитациялау) – мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік және өзге де қызметке қабілеттілігін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
АОЖБ-ны әзірлеуді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары жүзеге асырады.
АОЖБ-ны әзірлеу кезінде ағза функцияларының бар бұзылыстары мен өмір сүру әрекетінің шектелуі ескеріледі.
АОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу кезінде оңалту әлеуеті мен болжам, оңалтудың техникалық құралдарына және әлеуметтік қызметтерге қажеттілік, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер бағаланады.
АОЖБ-ның кәсіптік бөлігі мүгедектігі бар адамның кәсіптік және еңбек қызметіне жәрдемдесуге бағытталған.
АОЖБ көзделген іс-шараларды іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.
Егер мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы немесе оның қажеттіліктері өзгерсе, заңнама қайта куәландыру жүргізуді және АОЖБ-ны түзетуді көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1280324?lang=ru

Жауап қалдыру