СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тақырыптық кітап көрмесін өкізді.

Қатысушылар мен оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізер кері әсері туралы кеңінен хабардар ету, құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру, сондай-ақ бойларына адалдық, парасаттылық пен әділдік қасиеттерін қалыптастыру.

 Уақытша ұйымдастырылған көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, ҚР заңнамалық жинақтары, осы саладағы ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдарда жарық көрген сараптамалық мақалалар және ақпараттық-танымдық парақшалар (буклеттер) қойылды.

Іс-шара барысында қатысушылар қоғамда парасаттылық пен жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1280317?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді