
Қарағанды облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тілдік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы бағытта Нұра ауданында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жарнамалар мен көрнекі ақпараттарда қазақ тілінің нормаларын сақтау, сауатты әрі мәдениетті тілдік ортаны қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар жарнамалық мәтіндердің сауаттылығы, мемлекеттік тіл нормаларының сақталуы, мазмұны, көркемдік безендірілуі мен тілдік талаптарға сәйкестігі бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Қоғамдық кеңістіктегі әрбір маңдайша, жарнама және көрнекі ақпарат – тіл мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан ақпараттың мемлекеттік тілде сауатты әрі талапқа сай берілуі – қазақ тіліне деген құрметтің нақты көрінісі.
Осындай байқаулар арқылы тұрғындардың тілге деген жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейтуге мүмкіндік мол.
**Тіл тазалығы – ел мәдениетінің айнасы.
Мемлекеттік тілге құрмет – ортақ міндет!**
Байқауға белсенді қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#ЖарнамаТілТазалығыныңКөрінісі
#МемлекеттікТіл
#ТілТазалығы
#ҚазақТілі
#НұраАуданы
#ҚарағандыОблысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1280464?lang=kk

Жауап қалдыру