
✔️Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
✔️Жиында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар сараланды.
✔️Күн тәртібіне сәйкес 3 мәселе қаралып, жауапты сала өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Әр мәселе бойынша қалыптасқан жағдай талданып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айқындалды.
✔️Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін балалармен жұмысты күшейту мәселелеріне басымдық берілді.
✔️Қорытындысында жауапты мекемелерге тиісті міндеттер жүктеліп, белгіленген тапсырмалардың орындалуын бақылау комиссия мүшелеріне тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1280721?lang=ru

Жауап қалдыру