
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен және Достық үйінің директоры Нұрсәуле Әлтекованың мұрындық болуымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Алматыдағы Достық үйінде игі іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті толық жиынтықтағы мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары табысталды. Бұл көмек «PROFEXSPERT» компаниясының Бас директоры Руслан Калиоллаев пен Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ мүшесі Рафиқ Мирзоевтің қолдауымен жүзеге асырылды. Шара соңында балалар демеушілердің дайындаған тәттілерінен дәм татты.
Айта кетейік, осыған дейін де Басқармада осындай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, меценат Айнұр Тұрсынбаеваның SAAD компаниясының қолдауымен оқушыларға мектеп құрал-саймандары беріліп, арнайы кинотеатрдан кино көрсетілген болатын.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпаққа әлеуметтік қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше шабытпен бастауына жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1280725?lang=ru

Жауап қалдыру