ТӨЛЕБИ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданындағы «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жаңа басшы тағайындалды.
 
✅ Кәсіпорынның жаңа директорын ұжымға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков таныстырды. Конкурс нәтижесі бойынша аталған қызметке Диллакарим Мергенбаевич Қадырбаев тағайындалды.
 
✅ Кездесу барысында Асхат Раимбеков кәсіпорынның аудан үшін маңызы зор міндеттер атқаратынын атап өтіп, жаңа басшыға қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ жұмысқа жауапкершілікпен қарап, ұжыммен бірлесе отырып, нәтижелі еңбек етудің маңыздылығына тоқталды.
 
⚜️ Өз кезегінде Диллакарим Қадырбаев кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және алдағы міндеттерді сапалы орындауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
 
📍 Диллакарим Мергенбаевич Қадырбаев 1977 жылғы 15 желтоқсанда Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Бірінші Мамыр орта мектебін тәмамдаған. 2020 жылы «Фемида» қаржы-құқықтық колледжін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, ал 2026 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Су жүйесі» МКК-да су бақылаушысы қызметінен бастаған. 2026 жылы «Төлеби су шаруашылығы» МКК-да бас инженер қызметіне тағайындалған.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1280979?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді