Қала күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларға байланысты бүгін қаладағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қала күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларға байланысты бүгін қаладағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«OSKEMEN NIGHT RUN 2026» түнгі жүгіру жарысын өткізуге байланысты:

📍 Сәтпаев даңғылы:
КШТ ауданынан Ертіс көпірі бағытына қарай, ASTOR-дан «MAXI MALL» сауда үйіне дейінгі жол учаскесінде даңғылдың тақ жағымен көлік қозғалысы 19:30-дан 21:00-ге дейін шектеледі.

Сондай-ақ «Шашлык FEST» фестивалін өткізуге байланысты:

📍 Жаңа Үлбі жағалауы:
Красин көшесінен Шәкәрім даңғылына дейінгі жол учаскесінде көлік қозғалысы 12:00-ден 22:00-ге дейін уақытша жабылады.

Жүргізушілерден аталған уақыт аралығында бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1281024?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді