МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 99%-Ы – ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 тамызда Түркістан өңірлік коммуникациялар алаңында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету мәселесіне арналған брифинг өтті.

Брифингке Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы С. Шырынбекова қатысып, мемлекеттік кірістер органдарындағы цифрландырудың нәтижелері мен электрондық қызметтердің артықшылықтары туралы айтып өтті.

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 1 082 603 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы электрондық форматта ұсынылды.

Электрондық қызметтер азаматтар мен кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге, кезек пен қағазбастылықты азайтуға, қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Басты мақсат – мемлекеттік органға бармай-ақ, қажетті қызметті қашықтан алуға жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1281197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді