Риддер қаласында шаңғы жарысы мен биатлоннан спортшылар арасында бақылау-бағалау нормативтері өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 тамызда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың қысқы түрлері бойынша ШҚО МБЖОРМ» КММ-нің шаңғы жарысы және биатлон бөлімдерінің спортшылары арасында бақылау-бағалау нормативтері өткізілді.

Нормативтерді тапсыру барысында спортшылардың жалпы дене дайындығының деңгейі бағаланды.

Спортшылар жалпы дене дайындығы бойынша мынадай нормативтерді орындады:

  • кросс жүгіру;
  • кермеге тартылу/қолды бүгіп-жазу;
  • орнынан ұзындыққа секіру;
  • іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу;
  • 30 метрге жүгіру.

Бақылау-бағалау нормативтерін өткізу спортшылардың дене дайындығының деңгейін анықтауға, спорттық көрсеткіштерінің динамикасын бағалауға және алдағы оқу-жаттығу процесін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1281762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді