
2026 жылғы 21 тамызда «Еңбек шартын жасасыңыз!» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС-де жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында еңбек шартын жасамай жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыру, еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдеу және еңбек мәдениетін арттыру мәселелері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру жөніндегі ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1281918?lang=ru

Жауап қалдыру