Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін әрқайсымыз үшін өзіндік ерекше мәні бар Қала күнін атап өтудеміз.

Біреулер үшін Өскемен – балалық шағы өткен мекен болса, енді біреулер үшін – алғашқы үлкен қадамдар, кәсіби қалыптасу және маңызды өмірлік оқиғалармен байланысты қала.

Өскемен қаласының әрбір тұрғынына шын жүректен зор денсаулық, жан тыныштығын, амандық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Әрдайым жандарыңызда туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз болсын, әр шаңырақта жылулық, өзара түсіністік пен береке орнасын.

Қаламыз өзінің тарихи мұрасын аялап сақтап, одан әрі дамып, тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер аша берсін. Мұнда қызықты бастамалар, заманауи жобалар мен ең батыл идеяларды жүзеге асыруға арналған жаңа мүмкіндіктер көбейе берсін.

Өскемен қаласы жыл сайын өмір сүруге, еңбек етуге және шығармашылықпен айналысуға қолайлы әрі тартымды бола берсін!

 

Өскемен қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                                              А. Светаш

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1282109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді