
АСТАНАДА TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 14–16 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА, EXPO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛАҢЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 ӨТЕДІ.
Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан көлік апталығы аясында өтеді және көлік-логистика қауымдастығының өкілдері, жүк тасымалдаушылар, экспедиторлық компаниялар, технологиялар мен инфрақұрылымдық шешімдерді жеткізушілер үшін саланың негізгі алаңдарының біріне айналады.
Қазақстан көлік апталығы мен TransLogistica Kazakhstan көрмесі жыл сайын еліміздің екі ірі іскерлік орталығы — Алматы мен Астана қалаларында кезекпен өткізіледі. 2026 жылы іс-шараны Қазақстанның астанасы қабылдайды. Көрменің Астанада өткізілуі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестер өкілдерінің белсенді қатысуына ықпал етеді, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелерін талқылау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта келушілерді тіркеу басталып кетті, ал бизнестің қатысуға деген қызығушылығы көрме алаңдарына деген жоғары сұраныспен расталуда: экспозицияның 80%-дан астамы брондалған, сонымен қатар стендпен қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Биыл көрме қатысушыларының қатарына Нидерланд пен Польша компаниялары қосылып, жобаның халықаралық географиясын кеңейтеді. Жалпы алғанда, 250-ден астам қазақстандық және шетелдік компанияның 20 елден қатысуы күтілуде: Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, БАӘ, Пәкістан, Польша, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Латвия, Литва және Эстония ұсынады.
Келушілерді жерүсті, әуе және теңіз көлігін пайдалана отырып жүк тасымалдау және көлік-экспедиторлық қызмет көрсету саласындағы үздік ұсыныстар, қойма логистикасы мен жүктерді сақтауға арналған шешімдер, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқару процестерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған инновациялық IT-әзірлемелер күтеді. Логистикалық операциялардың тиімділігін арттыруға, көлік бағыттарын оңтайландыруға және халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ықпал ететін заманауи технологияларға ерекше назар аударылады.
Көрмемен қатар іскерлік іс-шаралар өткізу жоспарланған, олардың қатарында: «New Silk Way» IX халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы, Қазақстанның қойма логистикасы жөніндегі V конференциясы, BreakBulk Kazakhstan III конференциясы, сондай-ақ жаңа іс-шаралар: «Жүк иесі 2030: цифрлық жеткізу тізбектері, жаңа талаптар және логистикалық қызметтер нарығы» стратегиялық сессиясы, «Көлік және логистикадағы көшбасшы әйелдер: саланы бүгін өзгерту» пленарлық сессиясы және «Қазақстанның көлігі мен логистикасы 2035: дамудың келесі кезеңі қандай болмақ?» сараптамалық форсайты, сондай-ақ Халықаралық автомобиль көлігі одағы (IRU), БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ елдер жөніндегі Жоғары өкілінің кеңсесі (UN-OHRLLS) Қазақстан автокөлікшілер одағымен (КАЗАТО) бірлесіп ұйымдастыратын «Аваза іс-қимыл бағдарламасын іске асыруды ілгерілету: өзара байланыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін кәсіби және орнықты автомобиль көлігі саласын қалыптастыру» өңірлік диалогы.
TransLogistica Kazakhstan шамамен үш онжылдық бойы салалық жетістіктерді көрсету, жаңа серіктестер табу және көлік пен логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін аса маңызды алаң болып келеді. Көрмеге қатысу компанияларға өз шешімдерін кең кәсіби аудиторияға ұсынуға, ал келушілерге — нарық үрдістері мен өңірдің көлік-логистика саласының даму перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қауымдастықтың көрмеге деген жоғары қызығушылығын өткен жылдың нәтижелері де растайды. 2025 жылы іс-шара 6 463 мақсатты келушіні тартып, іскерлік байланыстар орнату, серіктестік қатынастарды дамыту және саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңға айналды.
Көрмеге ресми қолдауды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан көлікшілер одағы KAZLOGISTICS, Қазақстан тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы көрсетеді.
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесін қазақстандық Iteca және «Атакент-Экспо» көрме компаниялары халықаралық серіктес — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.
Көрмеге келу үшін translogistica.kz ресми сайтында алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу кезінде іс-шараға тегін кіруге мүмкіндік беретін TLK2026AST промокодын пайдалануға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-transport/press/news/details/1282493?lang=ru

Жауап қалдыру