ТАҒАЙЫНДАУ Тайынша ауданының білім бөлімінің бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы”КММ “Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Чкалов орта мектебі №1» КММ директоры қызметіне Қабдушев Асқар Сапарұлы тағайындалды. Қабдушев Асқар Сапарұлы 1974 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданының Чистяковка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1996 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Көкшетау облысы Ақжар ауданындағы Алқатерек ауылында бастаған. 1999 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Чкалов орта мектебі №1» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Жауап қалдыру