
️Құрметті тау-кен саласының өкілдері!
Сіздерді Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — еңбегі күш-жігерді, төзімділікті, жауапкершілікті және жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін жандардың кәсіби мерекесі. Сіздердің еңбектеріңіз Еліміздің өнеркәсібі мен экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, амандық, тұрақтылық және кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, отбасыларыңызда жылулық пен береке, жақындарыңыздың қолдауы мен бақыты орнасын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі
Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1282491?lang=ru

Жауап қалдыру