
Егер Қазақстандағы ЖШС ресейлік компаниядан консультациялық қызметтерді сатып алса, мұндай қызметтердің өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.
Сонымен қатар, резидент емес тұлғаның консультациялық қызметтерден алған табысына төлем көзінен ұсталатын 20% мөлшерлеме бойынша КТС салынуы мүмкін. Бұл ретте халықаралық қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің ережелерін қолдану мүмкіндігін бөлек тексеру қажет.
Резидент емес тұлға үшін ҚҚС төленгеннен кейін ЖШС ЭШФ-ны ҚҚС төленген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазып беруге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1282540?lang=ru

Жауап қалдыру