Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы мекемеге – №22 мекемеге мониторингтік сапармен бардым.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы мекемеге – №22 мекемеге мониторингтік сапармен бардым.
Сапар барысында сотталғандарды ұстау жағдайларын, соның ішінде қауіпсіздік, санитарлық және тұрмыстық жағдайларды, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ еңбек пен бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін қарап шықтым.
Сондай-ақ, мекемедегі сотталғандардың барлық жасақтарымен кездестім. Талқыланған негізгі мәселе – шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру тетіктерін қолдану болды.

Р.S. Қазақстанда бас бостандығынан айыру жазасына сотталған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау, сот және арнайы органдардың қызметкерлері өз жазаларын бұрын осы органдарда жұмыс істеген тұлғаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде (колонияларда) өтейді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, мұндай адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар басқа сотталғандардан бөлек ұсталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1282541?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді