ҚР Омбы қаласындағы Бас консулы Иркутск облысының Губернаторымен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 31 тамызда Иркутск қаласында ҚР Омбы қаласындағы Бас консулы К.Қ. Қожамбердиевтің Иркутск облысының Губернаторы И.И. Кобзевпен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ Губернатордың орынбасарлары, Иркутск облысы Үкіметінің өкілдері, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Иркутск қаласындағы Өкілі және өңірдің бейінді атқарушы органдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бас консул Қазақстан-Ресей қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, оларды одан әрі нығайтудағы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңызды рөлін атап көрсетті.

Тараптар өзара сауданы кеңейту, жеткізілімдер номенклатурасын әртараптандыру, кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.

Осы бағыттағы іскерлік байланыстарды жандандыру мақсатында Бас консул «Шығыс Сібірдің сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының Президенті А.И. Собольмен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Иркутск облысының кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту, өзара бизнес-миссияларды ұйымдастыру, іскерлік делегациялардың сапарларын өткізу, сондай-ақ бірлескен сауда және инвестициялық жобаларды іздеу мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлік қоғамдастықтар арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірілді.

Көлік-логистикалық ынтымақтастыққа, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Қазақстан мен Сібірдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға айрықша мән берілді.

Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылды. Тараптар Қазақстан мен Иркутск облысының туристік әлеуетін өзара ілгерілету, туристік ағындарды ұлғайту, туристік компаниялар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен туристік жобалар мен маршруттарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Гуманитарлық салада тараптар білім беру, ғылым, мәдениет және жастар саясаты бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды, академиялық алмасуларды және бірлескен мәдени-ағартушылық іс-шараларды кеңейту мәселелері қаралды.

Губернатор Игорь Кобзев Иркутск облысының халықаралық және өңіраралық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нақты жобалармен толықтырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және гуманитарлық салаларда нақты жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.

Бас консул Игорь Кобзевке және Иркутск облысының Үкіметіне сындарлы өзара іс-қимыл және Қазақстан мен Иркутск облысы арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етуге дайын екені үшін алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-omsk/press/news/details/1282992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді