
“Өзге экономика” кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.
Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылдың 7 айында салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 78,3 млрд.теңге түсті.
Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,3% – ды құрайды.
БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:
– БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 44,4%;
– БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 15,5%;
– БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 13,2%;
– БСК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 10,4%.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1283128?lang=ru

Жауап қалдыру