МӘС жүргізу тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1.Сұрақ: Сырттай немесе қашықтықтан проактивті куәландыру кезінде сараптамалық қорытынды қандай мерзім ішінде шығарылады, және егер Медициналық әлеуметтік сараптама актісінің жобасы сағат 16:00 – ге кейін келіп түскен болса, осы мерзімнің басталуы қалай есептеледі ?

Жауап: Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, сараптамалық қорытынды медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің жобасы қашықтықтан проактивті куәландыруға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде шығарылады.

Медициналық – әлеуметтік сарптама актісінің жобасы сағат 16:00 – ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

2.Сұрақ: Медициналық әлеуметтік сараптаманың әдістемесі мен бақылау бөлімінде шағым бойынша Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қандай мамандар шақырылады және қандай мақсатта?

Жауап: Медициналық әлеуметтік сараптаманың әдістемесі мен бақылау бөліміне шағымдану кезінде № 031/у нысанында көрсетілген диагнозды және функционалдық бұзылыстар дәрежесін нақтылау мақсатында консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.

3.Сұрақ: Медициналық әлеуметтік сараптаманы кім жүргізеді және аудио-бейнежазбаның жүргізілуі міндетті ме? Оның сақтау мерзімі қандай?

Жауап: Медициналық әлеуметтік сараптама ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылуы және, оның ішінде еңбекке қабілеттіліктің шектелуін бағалау арқылы бөлім басшысы және кемінде екі,  бас маманның қатысуымен жүргізіледі. Көзбе-көз тексеру кезінде бейне немесе аудиожазба міндетті түрде жүргізіледі. Ол сараптама жүргізілген күннен бастап кемінде 4 ай сақталады.

Бейнероликтен толығырақ көріңіз:

https://www.instagram.com/reel/DcuwioioLpq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1283318?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді