2026 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Отырыс жұмысына аудит объектісі – Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға аудиторлық қорытынды мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қаралып отырған саладағы басқару сапасын арттыру жөніндегі ұсынымдар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1283356?lang=ru

Жауап қалдыру