
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы «112» пультіне куәгерлер Ертіс өзенінің суында ер адамды байқағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖ қызметінің қызметкерлері қайықпен жедел жетті. Құтқарушылар 2005 жылы туған жас жігітті суық судан алып шығып, жағаға, құтқару станциясының ғимаратына жеткізді.
Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жылытып алды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жылытып алды.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу «112» нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1283968?lang=ru

Жауап қалдыру