«Жолдау – Қазақстанның жаңғыруы мен дамуының стратегиялық бағдары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Президент елдің экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, цифрландыруды жеделдету, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, адам капиталын дамыту, білім мен ғылымның сапасын көтеру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Жолдауда көтерілген бастамалар – заман талабына сай жаңғырудың нақты көрінісі. Әсіресе, технологиялық дамуға басымдық беру, жаңа өндірістерді қалыптастыру, еңбек өнімділігін арттыру және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижелері де көріне бастады: өңдеу өнеркәсібін дамытуға және жоғары технологиялық өндірістерге басымдық беріліп келеді.
Меніңше, Жолдаудың басты мәні – «жаңа мүмкіндіктерді нақты іске айналдыру» қағидатында. Әрбір бастама халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға, ауыл мен өңірлердің дамуына және еліміздің тұрақты болашағын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Президент Жолдауы – тек мемлекеттік органдарға арналған міндеттер жиынтығы емес, елдің әр азаматын ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды бағдар. Елдің дамуы – баршамыздың жауапкершілігіміз. Бірлік, еңбек, білім және жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1284201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді