
Ағымдағы жылдың 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның ШҚО бойынша филиалының фронт және бэк-офис қызметкерлерімен азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында АХАТ саласындағы қызметкерлер азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар мәселелерін реттейтін халықаралық шарттарды орындау практикасына жүргізілген талдаумен, сондай-ақ Кишинев конвенциясы қолданылатын мемлекеттер және Минск конвенциясы қолданылуын жалғастыратын мемлекеттер тізбесімен таныстырылды. 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жолданған және келіп түскен халықаралық сұрау салулардың саны туралы мәліметтер баяндалды.
Сондай-ақ конвенциялардың ережелеріне сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық сұрау салуларды ресімдеуге қойылатын талаптар, оның ішінде сұрау салудың мақсаты мен негіздерін көрсету, сұрау салуды уәкілетті органның ресми бланкісінде ресімдеу, лауазымды адаммен қол қою және тиісті мөрмен куәландыру қажеттілігі түсіндірілді.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметкерлер ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 721 бұйрығымен енгізілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулармен таныстырылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны тіркеу кезінде қызметкерді міндетті сақтандыру және банктік шот ашу, құрылтайшының жеке қатысуы кезінде коммерциялық ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыру, цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы заңды тұлғаның орналасқан жерінің дұрыстығын автоматты режимде тексеруді жүзеге асыру, тыңдау рәсімін өткізбестен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды ресімдеу және басқа да өзгерістер бойынша толықтырулар түсіндірілді.
Апостиль саласында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының АХАТ қызметкерлері электрондық апостиль енгізілген мемлекеттердің тізімімен, сондай-ақ электрондық апостильді енгізуге қосымша қосылған мемлекеттермен (Люксембург, Сауд Арабиясы, Жапония) таныстырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайларының саны, олардың себептері мен негіздері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай бас тартулардың алдын алуға бағытталған мәселелер талқыланды.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1284358?lang=ru

Жауап қалдыру