АЙНАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АЙНАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылында жаңа тұрғын үйлердің кілттерін табыстау салтанатты шарасы өтті. Айнабұлақ ауылының тұрғындары үшін бұл күннің орны бөлек. Бір күнде ауыл өміріндегі екі бірдей маңызды нысанның игілігін көру – елді мекеннің әлеуметтік дамуына жасалып жатқан нақты қадамның көрінісі. Айнабұлақ негізгі мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілсе, ауыл тұрғындары жаңа баспаналардың қоныс тойын атап өтті.

Жаңа тұрғын үйлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынған.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 760- қа жуық азаматтар тұр. Оның ішінде 300- ге жуық тұрғын әлеуметтік осал санатқа жатады. Осыған байланысты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облыстық маслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, аудан әкімі Талғат Шакиров, Батыс Қазақстан облыстық маслихатының депутаты Нұртай Жұмашев, аудандық маслихатының төрағасы Жанар Нұрболатқызы Бисенғалиева, ауыл тұрғындары мен ардагерлер қатысты.

Жиында алғашқы сөз алған Батыс Қазақстан облыстық маслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы Мұқаев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

-Айнабұлақ ауылының тұрғындары, құрметті ардагерлер! Бүгін біз керемет жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Қай кезде де, қай заманда да мемлекет тарапынан ауылдарға, оның ішінде шағын елді мекендерге жаңа тұрғын үйлердің салынуы- үлкен қуаныш. Бүгін ауылымызда екі мереке қатар келіп отыр. Бұл-Мемлекет басшысының ауылға деген қамқорлығының нақты көрінісі. Облысымызда төрт жүзге жуық елді мекен бар. Осындай игі жұмыстар еліміздің Тәуелсіздігі, елдің ауызбіршілігі мен бірлігінің арқасында жүзеге асып келеді. Сондықтан жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдауымыз қажет. Оларға баспанамен қатар, жұмыспен қамту бағытында да қолдау көрсету маңызды. Жаңа үйлердің іші бала күлкісіне толсын, -деді Мұрат Рахметұлы.

Одан әрі шара қонақтары жаңа үйлерді аралап, қоныс иелерінің қуанышына ортақтасты. Ақ тілектер айтылып, жаңа баспаналардың тұрғындарына ізгі ниеттер білдірілді.

Жаңа үйлердің есігі айқара ашылып, ауылдың тағы бір бөлігі көркейе түсті. Бүгінгі қуаныш бір отбасының ғана емес, барша Айнабұлақ ауылының ортақ қуанышы. Себебі ауылға салынған әрбір жаңа үй – елді мекеннің болашағына салынған инвестиция, ал баспаналы болған әрбір отбасының шаттығы елдің әл-ауқатының артқанын білдіреді.

Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1284415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді