Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк, оның ішінде 10 еншілес банк, сондай-ақ мемлекеттің 100% қатысуымен 1 банк бар.

Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 тамызда, ағымдағы жылғы шілде айында негізінен өтімді активтердің 4,0%-ға 28,7 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 75,6 трлн теңгені құрап, 1,9%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 6,9%-ға өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 23,2 трлн теңгені немесе активтердің 30,7%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы шілдеде халыққа берілген кредиттердің өсуі есебінен 0,4%-ға ұлғайып, 42,1 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 4,8%-ға өсу).

Ұлттық валютадағы кредиттер 0,8%-ға 37,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы кредиттер негізінен теңгенің АҚШ долларына қатысты күшеюі аясында қайта бағалау нәтижесінде 2,7%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2026 жылғы 1 тамызда 90,0%-ды құрап, 0,3 п.т. ұлғайды.

2026 жылғы шілдеде екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,8 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл өткен жылдың шілдедегі деңгейінен 10,7%-ға көп.

Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы шілдеде теңгенің нығаюы аясында ірі мерзімінен бұрын өтеу және валюталық кредиттерді бағамдық қайта бағалау салдарынан негізінен ірі бизнеске қарыздар портфелінің 1,6%-ға 4,9 трлн теңгеге дейін төмендеуі (2026 жылдың басынан бері 10,3%-ға төмендеу) және ШОБ субъектілеріне қарыздар портфелінің 1,0%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеуі (2026 жылдың басынан бастап 12,9%-ға өсу) есебінен 0,7%-ға 16,0 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 3,5%-ға ұлғаю). Өз кезегінде 2026 жылғы шілдеде ДК қарыздар портфелі 1,1%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 7,5%-ға өсу).

2026 жылғы шілдеде қарыздар портфелінде экономиканың негізгі салаларында көп бағытты серпін байқалады. Мәселен, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өнеркәсіп салаларында тиісінше 0,5%, 1,5% және 2,2% төмендеу тіркелді. Бұл ретте ауыл шаруашылығында кредиттер портфелі 0,3%-ға 513 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 0,8%-ға 899 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 2,7%-ға 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2026 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 2,1 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл негізінен ірі бизнес субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 40,8%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда 23,6%-ға артық.

Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы шілдеде 1,2%- ға 26,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,5%-ға өсу), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 0,7%-ға 17,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 4,6%-ға өсу), ипотекалық қарыздар2,4%-ға 7,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 9,7%-ға өсу).

2026 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі негізінен ірі бизнеске берілген кредиттер бойынша мөлшерлеменің 18,8%-ға дейін 0,6 п.т.-ға азаюы есебінен 0,1 п.т.-ға 21,5%-ға дейін азайды. Халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 22,5%-ға дейін 1.5 п.т-ға ұлғаюы аясында 20,3%-ды құрады (2026 жылғы маусымда – 19,5%).

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторындағы 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL90+) өткен айдың деңгейінде сақталды және несие портфелінен 4,1%-ды немесе 1,9 трлн теңгені құрады.  Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 0,1 п.т-ға 4,7%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге дейін азайды. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфеліндегі NPL90+ қарыздарының деңгейі 0,1 п.т-ға ұлғайып, 3,9%-ды немесе 625 млрд теңгені құрады.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 60,4%-ды (01.07.2026ж. – 60,7%) құрайды.

Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы шілдеде заңды тұлғалар салымдарының 2,7%-ға ұлғаюы есебінен 1,9%-ға 64,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,8%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлесті 80,4% ды немесе 51,7 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары алады.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы шілдеде ұлттық валютадағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 1,5%-ға 50,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,0%-ға өсу).

Заңды тұлғалардың депозиттері 1,8%-ға 22,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 1,3%-ға 28,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 2,3%-ға 41,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер басқасымен қатар теңгенің АҚШ долларына қатысты 1,5%-ға нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде бір айда 1,5%-ға 9,7 трлн теңге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 тамызда долларлану деңгейі 19,1%-ға дейін азайды (2026 жылғы маусымда – 19,7%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі
2026 жылғы шілдеде 2026 жылғы маусымдағы 16,2%-дан 15,9%-ға дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өткен айдың деңгейінде сақталып, 14,7%-ды құрады.

2026 жылғы шілдеде банктердің меншікті капиталы қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы есебінен 1,9%-ға 11,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,6%-ға өсу). 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,9%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,7%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 396 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 14,9%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 тамызда 3,5%-ды (2026 жылғы 1 шілдеде – 3,7%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 23,2%-ды (2026 жылғы 1 шілдеде – 24,1%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1284782?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді