Салыстырмалы бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

141-бап. Салыстырмалы бақылау

 

  1. Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:

 

1) оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;

 

2) салықтық есептіліктің;

 

3) салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уəкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мəліметтердің;

 

4) банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мəліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.

 

Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.

 

  1. Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/1284809?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді