Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралар жоспарының 2025 жылғы №149-НҚ бұйрығын негізге алып «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру мәселелері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған онлайн семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинарды Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Б.Сатканбаева ашты. Семинар барысында «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және жұмыс орындарында қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Семинардың  басты мақсаты- мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, жобаны тиімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1285190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді